Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат


СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ
Бейнероликтің негізгі мақсаты – әрбір азаматқа заңсыз жасалған кез келген әрекет ерте ме, кеш пе әшкере болатынын және соған сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын түсіндіру.
БЕЙНЕРОЛИК ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ ТАРАПЫНАН ҰСЫНЫЛҒАН
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жерді зерттеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі мемлекеттік институт» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының комплаенс-қызметі туралы» Ережеге сәйкес, комплаенс-қызмет кәсіпорын директорының ұйымдастырушылық бағынысында және функционалдық есеп беру форматынлағы тәуелсіз құрылымдық бөлімше болып табылады.
Комплаенс-қызметтің негізгі мақсаты — комплаенс бағдарламасын енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша реттеуші талаптардың сақталуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты айқындау және оны жүзеге асыру шараларын бақылау. Бұл – кәсіпорын мен оның филиалдарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау, оларды болдырмау тетіктерін енгізу және осы саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ халықаралық үздік тәжірибелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Комплаенс-қызметпен сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ұстанымын көрсететін құндылықтар жүйесін қалыптастыру және дамыту бағытында іс-шаралар өткізіледі. Компания қызметкерлеріне арналған бетпе-бет оқыту және ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырылады, жемқорлыққа қарсы саясат талаптары бойынша көрнекі ақпарат материалдары жалпыға қолжетімді орындарға орналастырылады, сондай-ақ ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен басқа да ұйымдармен бірлескен іс-шаралар жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары бойынша кәсіпорын қызметкерлері мен басшыларына тұрақты түрде кеңес беріледі, ақпараттық хабарламалар таратылады.
Егер сіз «ЖерЗЖМИ» РМК қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің куәсі болсаңыз немесе сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға тап болсаңыз, келесі байланыс телефондары арқылы кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметіне хабар берулеріңізді сұраймыз:
Сенім телефон: +7 778 848 4477
Электрондық пошта: giprozem.antikor@gmail.com
ISO 37001 Сертификаты


Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізімі
Тізім
2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары
Бұйрық
2024 жылға арналған аналитикалық анықтама
Талдау
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша нұсқаулық
Бұйрық
2022–2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Бұйрық
Қызметкерлердің мінез-құлық этикасы және корпоративтік кодексі
Бұйрық
Мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу саясаты
Саясат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты
Бұйрық
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі туралы ереже
Бұйрық
2024 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары
Бұйрық
2025 жылға арналған ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу туралы
Бұйрық
2024 жылға арналған ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу туралы
Бұйрық