«Жерлерге зерттеп қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Астана қаласы бойынша филиалы бекітілген Ережеге сәйкес жерлердің сапасын есепке алу, оның ішінде олардың экономикалық бағалауын, мониторингін жүргізуді, топырақ, геоботаниқалық, агрохимиялық зерттеулер мен топырақтың бонитетін айқындау, жер учаскеcінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтерді, электронды топырақ және геоботаникалық карталарды құру жұмыстарын жүргізеді.
☝️Жоғарыда аталған жұмыстар барлық санаттағы жерлермен, алқаптарының меншік иесіне қарамай, тікелей жеке және заңды тұлғалармен келісім жасау арқылы жүргізіледі.
Аталған жұмыстардың қорытынды мәліметтері келесі жағдайларда қолданылады:
✅ 1) жердің саны мен сапасын мемлекеттік есепке алу, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, аумақты сапалық бағалау;
✅ 2) ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобаларын әзірлеу;
✅ 3) жер ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі ұсынымдарды және жерді қорғау жөніндегі іс-шараларды, оның ішінде мұнай-газ құбырларын салу, кен орындарын игеру кезінде жерді рекультивациялау жобаларын әзірлеу;
✅ 4) топырақтың құнарлылығын және ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігін арттыру, жерді мелиорациялау жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
✅ 5) табиғи азықтық алқаптарды жақсарту, тиімді пайдалану және қорғау жөнінде ұсынымдар жасау;
✅ 6) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің паспортын толтыру;
✅ 7) табиғат қорғау іс-шараларын ұйымдастыру;
😎 Жер учаскесінің салығын анықтау мақсатында жүргізіледі.
📍 Жоғарыда аталған жұмыстарға тапсырыс беру үшін Астана қаласы Желтоқсан көшесі 25 мекен-жайы бойынша жүгінулеріңізге болады.
