📍 Өткізілген орны: «ЖерЗЖМИ» РМК
📅 Күні: 2025 жылғы маусым айы
🔬 Практикалық таныстырылым
Кездесу аясында қатысушыларға «ЖерЗЖМИ» РМК-ның қызметі практикалық форматта ұсынылды:
- топырақты зерттеу кезінде қолданылатын жабдықтар мен құралдар көрсетілген шағын көрме ұйымдастырылды;
- далалық зерттеулер жүргізу барысында салалық мамандардың экспедициялық жағдайдағы өмірі ұсынылды;
- топырақ үлгілері, өсімдіктер туралы деректер және жер учаскелерінің сапалық жағдайы бойынша мәліметтерді қалыптастыруда пайдаланылатын техника үлгілері көрсетілді;
- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мониторингтеу және сапалық есепке алу жұмыстарының нақты іске асырылу барысы көрнекі түрде ұсынылды.
🧠 Дөңгелек үстел мен талқылау сәттері
Жиын барысында топырақтанудың орнықты жер пайдаланудағы рөлі, топырақты қорғау саласындағы өзекті мәселелер және заң жобасын жетілдіру бойынша ұсыныстар талқыланды.
🧪 Зертхана жұмысы
Депутаттар зертханаға барып, топырақ үлгілерін іріктеуден бастап цифрлық деректерді алу үдерісіне дейінгі аналитикалық бөлімнің жұмысымен танысты.
📄 Құжаттармен танысу және тәжірибе алмасу
Кәсіпорын тәжірибесі негізінде заң жобасына енгізілетін өзгерістер бойынша нақты ұсыныстар айтылды.
Біз барлық қатысушыларға қызығушылық пен өзара түсіністік рухындағы кездесу үшін алғысымызды білдіреміз!
Ғылым, өндіріс және заң шығарушы билік арасындағы өзара іс-қимыл — топырақ ресурстарын орнықты басқарудағы табыстың негізі екеніне сенімдіміз.