Қаржанова Жанар Қабдұлсағатқызы
«Жерді зерттеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі мемлекеттік институт» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директорының орынбасары
Жалпы мәліметтер
1970 жылғы 11 қыркүйекте бұрынғы Целиноград (қазір Ақмола) облысы, Целиноград ауданы, Берлік ауылында дүниеге келген.
2002 жылы Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін «Жерді құрылымдау» мамандығы бойынша бітірген.
Мемлекеттік наградалары:
- Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы.
- «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі (2016 жыл).
- «Астанаға 20 жыл» медалі (2017 жыл).
- «Құрметті жер құрылымдаушы» төсбелгісі (2012 жыл).
- «Ауыл шаруашылығының үздігі» төсбелгісі (2017 жыл).
Еңбек жолы
- 1999–2003 жж. – Инженер-жер құрылымдаушы, 2-санатты инженер, РМК «Мемлекеттік ғылыми-өндірістік жер орталығы».
- 2003–2011 жж. – ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Жер кадастры және жер мониторингі бөлімінің бас маманы/бас сарапшысы.
- 2011–2013 жж. – ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Мемлекеттік жер кадастры және жер мониторингі басқармасының басшысы.
- 2013–2014 жж. – ҚР Аймақтық даму министрлігі Жер қатынастары және геодезия саласын реттеу департаменті директорының орынбасары.
- 2014–2016 жж. – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Экономиканың инфрақұрылымын дамыту департаментінің Жер ресурстары инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы.
- 2016–2020 жж. – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті жанындағы Жер қатынастары мен жерге орналастыруды дамыту басқармасының басшысы.
- 2020–2023 жж. – «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Жер кадастры департаментінің бас маманы/бас менеджері.
- 2024 ж. – қазіргі уақытқа дейін – «Жерлерді зерттеу жұмыстары бойынша мемлекеттік институт» РМК бас директорының орынбасары.