Таутеев Әуесбек Зпашұлы

 

«Жерлерге зерттеп — қарау жұмыстарын жүргізу мемелекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Аппарат басшысы

Жалпы мәліметтер

1963 жылғы 10 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
1986 жылы В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «металлургия» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2002 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «экономика» мамандығы бойынша бітірген.
2007 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын «менеджмент» мамандығы бойынша аяқтаған.

Мемлекеттік наградалары:

  • «Ерен еңбегі үшін» медалі
  • «Астананың 10 жылдығы» және «Астананың 20 жылдығы» мерейтойлық медальдары.

Еңбек жолы

  • 1986–1987 жж. — Шымкент балқыту зауытының агломерат цехында агломератшы, Шымкент қ.
  • 1987–1989 жж. — Шымкент балқыту зауытының балқыту цехында балқытушы, Шымкент қ.
  • 1989–1993 жж. — Шымкент балқыту зауытының балқыту цехының ауысым шебері, Шымкент қ.
  • 1993–1994 жж. — «Алтыналмас» ұлттық акционерлік компаниясының Алматы зергерлік зауытында инженер-металлург, Алматы қ.
  • 1994–1995 жж. — «Алтыналмас» ұлттық акционерлік компаниясы Алматы зергерлік зауытының № 1 филиалында бас металлург, Алматы қ.
  • 1995–1997 жж. — «Алматы зергерлік зауыты» АҚ-да бас металлург, Алматы қ.
  • 1997–1998 жж. — «DEAL GLOBAL LTD» (Ұлыбритания) компаниясының Қазақстан бойынша аграрлық департаменті директорының орынбасары, ТМД бойынша өкілдік, Мәскеу қ.
  • 1998–2001 жж. — қызметтік өсуіне қарай Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінде жетекші және бас маман, бөлім бастығы, Астана қ.
  • 2001–2003 жж. — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өндірістік сала және инфрақұрылым бөлімі консультанты, Астана қ.
  • 2004–2006 жж. — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өндірістік сала және инфрақұрылым бөлімінің бас сарапшысы, Астана қ.
  • 2006 ж. — Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу департаменті директорының орынбасары, Астана қ.
  • 2006–2008 жж. — Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу, рұқсат беру және ынталандыру тетіктері департаменттерінің директоры, Астана қ.
  • 2008–2009 жж. — Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары, Астана қ.
  • 2009 ж. — Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті басқармасының бастығы, Астана қ.
  • 2009–2012 жж. — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, Астана қ.
  • 2012–2014 жж. — Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары, Астана қ.
  • 2014 ж. — Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары, Астана қ.
  • 2014–2015 жж. — Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облысы бойынша Экология департаменті басшысының міндетін атқарушы, кейін басшысы, Павлодар қ.
  • 2015–2017 жж. — Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Экология департаментінің басшысы, Шымкент қ.
  • 2017–2019 жж. — Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі, Астана қ.
  • 2019 ж. — Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі, Нұр-Сұлтан қ.
  • 2019–2023 жж. — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы, Нұр-Сұлтан қ.
  • 2023–2024 жж. — Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Нақты сектор мен өңірлерді дамыту бөлімінің өңірлік инспекторы, Астана қ.
  • 2024–2025 жж. — Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Өңірлік даму және бақылау бөлімінің өңірлік инспекторы, Астана қ.
  • 2025 ж. – қазіргі уақытқа дейін — «Жерлерге зерттеп — қарау жұмыстарын жүргізу мемелекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Аппарат басшысы.