Бимендина Гүлжахан Амангелдіқызы

«Жерлерге зерттеп — қарау жұмыстарын жүргізу мемелекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бас директоры

Жалпы мәліметтер
Бимендина Гүлжахан Амангелдіқызы 1969 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. 1996 жылы Жерге орналастыру бойынша мемлекеттік университетті (РФ, Мәскеу қаласы) «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша бітірген.

 

 

Мемлекеттік наградалары:

  • «Ерен еңбегі үшін» медалі.
  • «Құрмет» ордені.

Еңбек жолы

  • 1996 ж. – ҚР Мемлекеттік комитеті жер қатынастары және жерді басқару бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің Сергеев ауданы бойынша жер қатынастары және жерді құрылымдау жөніндегі бас маманы.
  • 1997-1998 жж. – Солтүстік Қазақстан филиалының «Жер ресурстары және жерді құрылымдау мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы» мемлекеттік кәсіпорнының инженер-жер құрылымдаушысы.
  • 1998-1999 жж. – Солтүстік Қазақстан облыстық жер ресурстарын басқару комитетінің Сергеев ауданы бойынша комитет төрайымы.
  • 1999-2004 жж. – Жер ресурстарын басқару Агенттігіне қарасты Ақмола облыстық жер ресурстарын басқару комитетінің бас маманы.
  • 2004 ж. – Егіндікөл аудандық жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы.
  • 2004-2007 жж. – Солтүстік Қазақстан облыстық жер ресурстарын басқару бойынша аумақтық басқарма басшысының орынбасары.
  • 2007 ж. – Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімінің басшысы.
  • 2007-2008 жж. – Солтүстік Қазақстан облыстық жер ресурстарын басқару бойынша аумақтық басқарма басшысының орынбасары.
  • 2008 ж. – «Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің аймақаралық жер инспекциясы» МК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жерді пайдалану және қорғау мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы.
  • 2008-2009 жж. – ҚР Агенттігі жер ресурстарын басқару геодезиялық бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы.
  • 2009-2012 жж. – Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің аймақаралық жер инспекциясы басшысының орынбасары.
  • 2012 ж. – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық жер инспекциясының басшысы.
  • 2012-2013 жж. – ҚР Агенттігінің жауапты хатшысы.
  • 2013-2014 жж. – ҚР Аймақтық даму министрлігінің Жер қатынастары және геодезия саласын реттеу департаментінің директоры.
  • 2014-2016 жж. – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Экономиканың инфрақұрылымын дамыту департаменті директорының орынбасары.
  • 2016-2019 жж. – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары.
  • 2019-2021 жж. – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы.
  • 2021-2022 жж. – Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары.
  • 2022-2023 жж. – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық зерттеулер мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры.
  • 2024 ж. — қазіргі уақытқа дейін — «Жерлерге зерттеп — қарау жұмыстарын жүргізу мемелекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бас директоры