- Өтінім беру -
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР
Жер учаскесінің
сапалық жай-күйі туралы мәліметтерді ұсыну
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) уақытша бағаларды бекіту туралы
2025 жылғы 14 қазандағы № 228-25П бұйрығы
Өтінім беру
Жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтерді ұсыну қызметін алу үшін өтінім беру кезінде қажетті құжаттар тізімі талап етіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап 5 жұмыс күнін құрайды. Қызмет үшін төлемді келесі есепшоттар бойынша жүзеге асыруға болады.
Құжаттар тізімі
- Жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтерді ұсынуға өтініш (үлгі бойынша) (Үлгіні жүктеу)
- Жеке куәлік (сканерленген немесе электронды нұсқасы)
- Жер учаскесінің орналасу сызбасы (көшірмесі)
- Төлем құжатының көшірмесі (қызмет үшін төлем түбіртегі)
- Сұратылып отырған жер учаскесіне қатысты сәйкестендіру құжатының көшірмесі
- Жер учаскесін қалыптастыруға арналған жерге орналастыру жобасы
Есепшоттар
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жерді зерттеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі мемлекеттік институт» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Астана қаласы, Республика даңғылы, 70
БСН 231140024109
Банктік есепшоттар:
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
ИИК KZ05601A871026996801
БИК HSBKKZKX