«ЖерЗЖМИ» ШЖҚ РМК Астана қаласы бойынша филиалы

Филиалдың негізгі міндеттері мен функциялары

Филиалдың негізгі міндеттері:

  • жердің сапасын есепке алу, оның ішінде олардың экономикалық бағасын, жер мониторингін жүргізу, топырақ, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеулер мен топырақтың бонитировкасын жүргізу, топырақ және геоботаникалық электрондық карталарын жасау;
  • жер мониторингін, іздестіру және зерттеу жұмыстарын жүргізуге және топырақты бонитирлеуге арналған бюджеттік өтінімге материалдарды қалыптастыруға қатысу;
  • Кәсіпорынның құзыреті шегінде қызметтерді, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету және қарау;

Филиалдың функциялары:

  • жер мониторингін жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
  • топырақ іздестірулері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
  • топырақ бонитетінің баллын анықтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
  • топырақты бонитировкасы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
  • геобатаникалық іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
  • топырақты агрохимиялық зерттеп-қарау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
  • бекітілген МемСТ мен әдістемелерге сәйкес топырақ үлгілеріне зертханалық талдау жүргізу;
  • электрондық топырақ карталарын жасау;
  • электрондық геобатаникалық карталарды жасау;
  • жерлердің сапалық сипаттамасын есепке алу;
  • жерлерді экономикалық бағалау үшін жұмыстарды жүргізу;
  • бүлінген (бүлінетін) жерлердің құнарлы және әлеуетті құнарлы қабаттарын анықтау үшін, оның ішінде жерді қалпына келтіру жобаларын жасау үшін жер учаскелерін топырақтық зерттеу;
  • іздестіру – зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде бекітілген нормативтік-құқықтық актілер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
  • іздестіру, зерттеу жұмыстары мен зертханалық зерттеулер жүргізу кезінде пайдаланылатын өлшем құралдарын және метрологиялық аттестаттауды уақытылы тексеруді қамтамасыз ету;
  • прекурсорлардың түсуі және шығысы бойынша есеп жүргізу;
  • қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғауды сақтау;
  • топырақты және геобатаникалық іздестіру, топырақ бонитировкасы, жер мониторингі, сондай-ақ зертханалық зерттеулер бойынша іздестіру (зерттеу) жұмыстарының озық әдістері мен технологияларын зерделеу және енгізу;
  • жерді қорғау және пайдалану мәселелері бойынша республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға, семинар мен симпозиумдарға қатысу;
  • топырақты зерттеу нәтижелеріне талдау және бағалау жүргізу, топырақтың қазіргі жай-күйі туралы объективті ақпарат алу үшін деректерді жинау және түсіндіру;
  • нормативтік құжаттарға сәйкес барлық топырақ көрсеткіштеріне агрохимиялық талдау жүргізу және талдау нәтижелерін беру;
  • геоботаникалық іздестіру (зерттеу) нәтижелеріне талдау және бағалау жүргізу, табиғи жемшөп алқаптарының қазіргі жай-күйі туралы объективті ақпарат алу үшін деректерді жинау және талдау;
  • өлшеудің, сынаудың жаңа әдістерін, өлшеудің жаңа прогрессивті құралдарын игеру;
  • өлшеу құралдарын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың сақталуын бақылауды ұйымдастыру;
  • үлгілерді сақтау және талдау жүргізу қағидаларын сақтау;
  • Кәсіпорынның құзыреті шегінде қызметтер көрсету;

Филиалдың мемлекеттік тапсырыс және шарттық жұмыстар шеңберінде орындалатын іздестіру жұмыстарын, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге мониторингті сапалы жүргізу жөніндегі функциялары:

  • мемлекеттік тапсырыс пен шарттық жұмыстар шеңберінде орындалатын іздестіру және басқа да жұмыс түрлерін ұйымдастыру және жүргізу;
  • бекітілген МемСТ мен әдістемелерге сәйкес топырақ үлгілеріне зертханалық талдау жүргізу;
  • іздестіру және басқа да жұмыс түрлерін жүргізуде бекітілген нормативтік-құқықтық актілер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
  • Кәсіпорынға жылдық және өзге де өндірістік жоспарларды, есептерді ұсыну.
  • жұмыстарды орындау шартына қоса берілген техникалық ерекшелікке сәйкес, жұмыстарға тапсырыс берушіге белгіленген мерзімде дайын жұмыстарды және өнімді ұсыну.

Филиалдың іздестіру жұмыстарын жүргізуге арналған бюджеттік өтінімге материалдарды қалыптастыруға қатысу жөніндегі функциялары:

  • іздестіру көлемі мен объектілерін жергілікті атқарушы органдармен алдын ала келісуге қатысу;
  • оларды жаңарту үшін өтке жылдардағы зерттеу материалдарын талдау;
  • жоспарланған іздестіру объектілерінің материалдарын іріктеу;
  • актілеудің сметасы мен жоспар-кестесін жасауға қатысу.

Кәсіпорынның құзыреті шегінде қызметтер, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі филиалдың функциялары:

  • жерді экономикалық бағалауды және жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтер беруді қамтитын жер сапасын есепке алу;
  • топырақтың құнарлы және әлеуетті құнарлы қабаттарын анықтау үшін жер учаскелерін, оның ішінде жерді қалпына келтіру жобаларын жасау үшін бүлінген (бүлінетін) жерлерді топырақтық зерттеу;
  • егістік жерлердің топырағын агрохимиялық зерттеу;
  • табиғи жемшөп алқаптарының жай-күйін айқындау үшін жер учаскілеріне геобатаникалық зерттеу;
  • жердің сапалық сипаттамасын және экономикалық бағасын есепке алу;
  • ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау үшін материалдар дайындау;

жер пайдаланушылармен шарт негізінде топырақты және геобатаникалық зерттеу бойынша іздестіру жұмыстарын орындау.