Қызметі
«Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны («ЖерЗҚЖЖМИ» ШЖҚ РМК) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі №755 қаулысына сәйкес құрылды және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің қарамағында.
Кәсіпорын өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.
Негізгі қызмет түрлері:
Жер сапасын есепке алу, оның ішінде оларды экономикалық бағалау;
Жер мониторингін жүргізу;
Топырақтық, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеп-қарауларды және топырақты бонитеттеу жұмыстарын жүргізу;
Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау;
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын дайындау;
Бүлінген және тозған жерлердің сапалық жай-күйін қалпына келтіру бойынша жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу;
Елді мекендер жерлерін қоспағанда, жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау және ауыл шаруашылығы өндірісін агрохимиялық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету.
Кәсіпорын өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының жер ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау саласында шешімдер қабылдау үшін сенімді ақпараттық-талдамалық базаны қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Біздің миссиямыз
Қазақстан Республикасының жер ресурстарының сапасын кешенді зерттеп-қараулар және жерлерді кадастрлық бағалау негізінде объективті бағалау мен мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету, оларды ұтымды пайдалану, қалпына келтіру және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қорғау.
