Ұлағатты еңбек жолы үшін алғысымыз шексіз!
Еселі еңбек еленбей қалмайды, құрмет-қошеметке бөленбей қалмайды! Ғұмырын адал еңбек, абыройлы қызметке арнаған ардақты әріптесіміз Тамғабаева Роза Әжібекқызын құрметті зейнет демалысына шығарып салдық. Роза Әжібекқызы 1964 жылдың 15 тамызында Қызылорда облысында дүниеге келіп, өмір жолын білімге, тынымсыз еңбекке арнаған жан. Ол 1991 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметін талдау» мамандығы бойынша …