«ЖерЗҚЖЖМИ» РМК мен Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жерлерге зерттеп – қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ақмола облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – ЖерЗҚЖЖМИ РМК) мен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Аталған келісім білім мен тәжірибе арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ топырақтану, өсімдік шаруашылығы және агрономия салаларында сұранысқа ие мамандарды даярлауға бағытталған.

Меморандум аясында университет студенттері Ақмола облысы бойынша «ЖерЗҚЖЖМИ» РМК филиалы базасында оқу-өндірістік тәжірибеден және тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болады. Кәсіпорын сонымен қатар кәсіби оқытуға, тәжірибе алмасуға және білім алушылардың қолданбалы құзыреттерін қалыптастыруға жәрдемдеседі.

Келісімде жас мамандарды қолдау және кәсіби дамуға жоғары қызығушылық танытып, жақсы дайындық деңгейін көрсеткен түлектерді жұмысқа орналастыруға ықпал ету мәселелеріне ерекше назар аударылған.

Сонымен қатар тараптар еңбек нарығының талаптары мен білім беру бағдарламаларын үйлестіруге бағытталған диалог алаңдарына, жұмыс кездесулеріне және түрлі іс-шараларға бірлесіп қатысу, сондай-ақ бос жұмыс орындары жәрмеңкелері мен мансаптық іс-шаралар аясында өзара іс-қимыл жасау туралы уағдаласты.

Меморандумға филиал директоры Азамат Өмірбеков және институт ректоры Марат Сырлыбаев қол қойды.

Салтанатты рәсімнен кейін ұйым базасында кафедра бұрышының ашылуы өтті.