«ЖерЗЖМИ» ШЖҚ РМК Павлодар облысы бойынша филиалы
Филиалдың негізгі міндеттері мен функциялары
Филиалдың негізгі міндеттері:
- жердің сапасын есепке алу, оның ішінде олардың экономикалық бағасын, жер мониторингін жүргізу, топырақ, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеулер мен топырақтың бонитировкасын жүргізу, топырақ және геоботаникалық электрондық карталарын жасау;
- жер мониторингін, іздестіру және зерттеу жұмыстарын жүргізуге және топырақты бонитирлеуге арналған бюджеттік өтінімге материалдарды қалыптастыруға қатысу;
- Кәсіпорынның құзыреті шегінде қызметтерді, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету және қарау;
Филиалдың функциялары:
- жер мониторингін жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
- топырақ іздестірулері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
- топырақ бонитетінің баллын анықтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
- топырақты бонитировкасы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
- геобатаникалық іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
- топырақты агрохимиялық зерттеп-қарау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
- бекітілген МемСТ мен әдістемелерге сәйкес топырақ үлгілеріне зертханалық талдау жүргізу;
- электрондық топырақ карталарын жасау;
- электрондық геобатаникалық карталарды жасау;
- жерлердің сапалық сипаттамасын есепке алу;
- жерлерді экономикалық бағалау үшін жұмыстарды жүргізу;
- бүлінген (бүлінетін) жерлердің құнарлы және әлеуетті құнарлы қабаттарын анықтау үшін, оның ішінде жерді қалпына келтіру жобаларын жасау үшін жер учаскелерін топырақтық зерттеу;
- іздестіру – зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде бекітілген нормативтік-құқықтық актілер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
- іздестіру, зерттеу жұмыстары мен зертханалық зерттеулер жүргізу кезінде пайдаланылатын өлшем құралдарын және метрологиялық аттестаттауды уақытылы тексеруді қамтамасыз ету;
- прекурсорлардың түсуі және шығысы бойынша есеп жүргізу;
- қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғауды сақтау;
- топырақты және геобатаникалық іздестіру, топырақ бонитировкасы, жер мониторингі, сондай-ақ зертханалық зерттеулер бойынша іздестіру (зерттеу) жұмыстарының озық әдістері мен технологияларын зерделеу және енгізу;
- жерді қорғау және пайдалану мәселелері бойынша республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға, семинар мен симпозиумдарға қатысу;
- топырақты зерттеу нәтижелеріне талдау және бағалау жүргізу, топырақтың қазіргі жай-күйі туралы объективті ақпарат алу үшін деректерді жинау және түсіндіру;
- нормативтік құжаттарға сәйкес барлық топырақ көрсеткіштеріне агрохимиялық талдау жүргізу және талдау нәтижелерін беру;
- геоботаникалық іздестіру (зерттеу) нәтижелеріне талдау және бағалау жүргізу, табиғи жемшөп алқаптарының қазіргі жай-күйі туралы объективті ақпарат алу үшін деректерді жинау және талдау;
- өлшеудің, сынаудың жаңа әдістерін, өлшеудің жаңа прогрессивті құралдарын игеру;
- өлшеу құралдарын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың сақталуын бақылауды ұйымдастыру;
- үлгілерді сақтау және талдау жүргізу қағидаларын сақтау;
- Кәсіпорынның құзыреті шегінде қызметтер көрсету;
Филиалдың мемлекеттік тапсырыс және шарттық жұмыстар шеңберінде орындалатын іздестіру жұмыстарын, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге мониторингті сапалы жүргізу жөніндегі функциялары:
- мемлекеттік тапсырыс пен шарттық жұмыстар шеңберінде орындалатын іздестіру және басқа да жұмыс түрлерін ұйымдастыру және жүргізу;
- бекітілген МемСТ мен әдістемелерге сәйкес топырақ үлгілеріне зертханалық талдау жүргізу;
- іздестіру және басқа да жұмыс түрлерін жүргізуде бекітілген нормативтік-құқықтық актілер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
- Кәсіпорынға жылдық және өзге де өндірістік жоспарларды, есептерді ұсыну.
- жұмыстарды орындау шартына қоса берілген техникалық ерекшелікке сәйкес, жұмыстарға тапсырыс берушіге белгіленген мерзімде дайын жұмыстарды және өнімді ұсыну.
Филиалдың іздестіру жұмыстарын жүргізуге арналған бюджеттік өтінімге материалдарды қалыптастыруға қатысу жөніндегі функциялары:
- іздестіру көлемі мен объектілерін жергілікті атқарушы органдармен алдын ала келісуге қатысу;
- оларды жаңарту үшін өтке жылдардағы зерттеу материалдарын талдау;
- жоспарланған іздестіру объектілерінің материалдарын іріктеу;
- актілеудің сметасы мен жоспар-кестесін жасауға қатысу.
Кәсіпорынның құзыреті шегінде қызметтер, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі филиалдың функциялары:
- жерді экономикалық бағалауды және жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтер беруді қамтитын жер сапасын есепке алу;
- топырақтың құнарлы және әлеуетті құнарлы қабаттарын анықтау үшін жер учаскелерін, оның ішінде жерді қалпына келтіру жобаларын жасау үшін бүлінген (бүлінетін) жерлерді топырақтық зерттеу;
- егістік жерлердің топырағын агрохимиялық зерттеу;
- табиғи жемшөп алқаптарының жай-күйін айқындау үшін жер учаскілеріне геобатаникалық зерттеу;
- жердің сапалық сипаттамасын және экономикалық бағасын есепке алу;
- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау үшін материалдар дайындау;
- жер пайдаланушылармен шарт негізінде топырақты және геобатаникалық зерттеу бойынша іздестіру жұмыстарын орындау.