Иманкулов Дамир Бауыржанович

«Жерлерге зерттеп — қарау жұмыстарын жүргізу мемелекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының салалық даму департаментінің директоры

Жалпы мәліметтер
1991 жылы 26 қарашада Ақмола облысында дүниеге келген.
2014 жылы «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін тәмәмдаған.

Мемлекеттік наградалары:

  • «Құрметті жерге орналастырушы»
  • Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Қазақстан Республикасы Көлік министрінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Еңбек жолы

  • Еңбек жолын 2014 жылы Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі маманының көмекшісі болып бастаған;
  • 2014-2019 жж. — Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімінің бас маманы лауазымын атқарған;
  • 2019 ж. — «Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекесі жер телімдерін алып қою жөніндегі секторының меңгерушісі лауазымын атқарған;
  • 2019-2020 жж. — «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы лауазымын атқарған;
  • 2020-2023 жж. — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің, Мемлекеттік қызметтер және цифрландыру басқармасының бас сарапшысы, Мемлекеттік жер кадастры басқармасының бас сарапшысы, Жер қатынастарын дамыту және жерге орналастыру басқармасының бас сарапшысы, Жер қатынастарын дамыту және жерге орналастыру басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған;
  • 2023-2024 жж. — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Астана қаласы бойынша филиалының директоры.
  • 2025 ж. — қазіргі уақытқа дейін — «Жерлерге зерттеп — қарау жұмыстарын жүргізу мемелекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының  салалық даму департаментінің директоры.