Айдосов Манат Жаннатович

«Жерлерге зерттеп — қарау жұмыстарын жүргізу мемелекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Цифрлық әкімшілендіру департаментінің директоры

Жалпы мәліметтер

1988 жылы Ақмола облысы, Целиноград ауданында дүниеге келген.
2010 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «кадастр» мамандығы бойынша бітірген.
2014 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Мемлекеттік наградалары:

  • Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен.
  • «Құрметті жерге орналастырушы».
  • «Үздік геодезист»
  • «Құрметті жер құрылымдаушы» төсбелгісі (2012 жыл).
  • Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Еңбек жолы
Еңбек жолын 2010 жылы Целиноград ауданының жер қатынастары саласында бастаған. Кейіннен Степногорск және Павлодар қалаларының жер қатынастары органдарында басшылық лауазымдар атқарған.

  • 2017–2020 жж. – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінде қызмет атқарып, жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау, сондай-ақ құқықтық қамтамасыз ету бағыттары бойынша мемлекеттік инспектор және бас сарапшы міндеттерін жүзеге асырған.
  • 2003–2011 жж. – ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Жер кадастры және жер мониторингі бөлімінің бас маманы/бас сарапшысы.
  • 2020–2024 жж. – аралығында Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитетінде мемлекеттік бақылау және мемлекеттік қызметтер басқармасын басқарған.
  • 2024–2025 жж. –Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінде жерге орналастыру басқармасының басшысы қызметін атқарған.
  • 2025 жж. – қазіргі уақытқа дейін — «Жерлерге зерттеп — қарау жұмыстарын жүргізу мемелекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының цифрлық әкімшілендіру департаментінің директоры.