Сансызбаев Қайрат Сансызбайұлы
«Жерді зерттеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі
мемлекеттік институт» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директорының орынбасары
Жалпы мәліметтер
1986 жылғы 15 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирново ауылында дүниеге келген.
Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Математика» мамандығы бойынша, Көкше академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы аясында Эксетер университетінен (Англия) «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша магистрлік дәреже алған.
Мемлекеттік наградасы:
- «Ауыл шаруашылығының үздігі» төсбелгісі (2023 жыл)
Еңбек жолы
- 2008–2015 жж. – «Қызылжар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жетекші маман, бас маман.
- 2015–2016 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас маманы.
- 2016–2018 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы.
- 2018–2020 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ауыл шаруашылығын дамыту бөлімінің меңгерушісі.
- 2020–2024 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары.
- 2024 жылдан – қазіргі уақытқа дейін – «Жерлерді зерттеу жұмыстары бойынша мемлекеттік институт» РМК бас директорының орынбасары.