Бимендина Гүлжаһан Амангелдіқызы

«Жерді зерттеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі мемлекеттік институт» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры.

Жалпы мәліметтер
Бимендина Гүлжаһан Амангелдіқызы ( 15 қазан, 1969 жыл, Оңтүстік Қазақстан облысы) 1996 жылы Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік жерді басқару университетін «Жерді құрылымдау» мамандығы бойынша бітірген.

Мемлекеттік наградалары:

  • «Ерен еңбегі үшін» медалі.
  • «Құрмет» ордені.

Еңбек жолы

  • 1996 ж. – ҚР Мемлекеттік комитеті жер қатынастары және жерді басқару бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің Сергеев ауданы бойынша жер қатынастары және жерді құрылымдау жөніндегі бас маманы.
  • 1997-1998 жж. – Солтүстік Қазақстан филиалының «Жер ресурстары және жерді құрылымдау мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы» мемлекеттік кәсіпорнының инженер-жер құрылымдаушысы.
  • 1998-1999 жж. – Солтүстік Қазақстан облыстық жер ресурстарын басқару комитетінің Сергеев ауданы бойынша комитет төрайымы.
  • 1999-2004 жж. – Жер ресурстарын басқару Агенттігіне қарасты Ақмола облыстық жер ресурстарын басқару комитетінің бас маманы.
  • 2004 ж. – Егіндікөл аудандық жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы.
  • 2004-2007 жж. – Солтүстік Қазақстан облыстық жер ресурстарын басқару бойынша аумақтық басқарма басшысының орынбасары.
  • 2007 ж. – Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімінің басшысы.
  • 2007-2008 жж. – Солтүстік Қазақстан облыстық жер ресурстарын басқару бойынша аумақтық басқарма басшысының орынбасары.
  • 2008 ж. – «Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің аймақаралық жер инспекциясы» МК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жерді пайдалану және қорғау мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы.
  • 2008-2009 жж. – ҚР Агенттігі жер ресурстарын басқару геодезиялық бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы.
  • 2009-2012 жж. – Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің аймақаралық жер инспекциясы басшысының орынбасары.
  • 2012 ж. – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық жер инспекциясының басшысы.
  • 2012-2013 жж. – ҚР Агенттігінің жауапты хатшысы.
  • 2013-2014 жж. – ҚР Аймақтық даму министрлігінің Жер қатынастары және геодезия саласын реттеу департаментінің директоры.
  • 2014-2016 жж. – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Экономиканың инфрақұрылымын дамыту департаменті директорының орынбасары.
  • 2016-2019 жж. – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары.
  • 2019-2021 жж. – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы.
  • 2021-2022 жж. – Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары.
  • 2022-2023 жж. – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық зерттеулер мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры.
  • 2024 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Жерлерді зерттеу жұмыстары бойынша мемлекеттік институт» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры.