Ұлағатты еңбек жолы үшін алғысымыз шексіз!

Еселі еңбек еленбей қалмайды, құрмет-қошеметке бөленбей қалмайды!
Ғұмырын адал еңбек, абыройлы қызметке арнаған ардақты әріптесіміз Тамғабаева Роза Әжібекқызын құрметті зейнет демалысына шығарып салдық.

Роза Әжібекқызы 1964 жылдың 15 тамызында Қызылорда облысында дүниеге келіп, өмір жолын білімге, тынымсыз еңбекке арнаған жан. Ол 1991 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметін талдау» мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1984 жылы есепші болып бастап, мол тәжірибе жинады. Түрлі мекемелерде абыройлы қызмет атқарды. Жауапкершілікті жалау, адалдықты ту етті. Нәтижесінде, ұжым арасында зор беделге ие болды.

Қазіргі уақытта ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «ЖерЗЖМИ» РМК Алматы қаласы филиалының әкімшілік-шаруашылық секторының жетекші маманы болып, құрметті демалысына шықты.

Роза Әжібекқызының еңбекқорлығы, адами қасиеті мен мамандығына деген шынайы сүйіспеншілігі баршамызға үлгі.

Әріптесімізді зейнет жасымен шын жүректен құттықтаймыз. Әр күніңіз шуақты, денсаулығыңыз қуатты болсын! Біз Сізбен мақтанамыз!